«ЖАЗУ ТІЛІ» - ТАРИХҚА ДЕЙІНГІ АДАМЗАТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУГЕ СЕРПІН / "LANGUAGE OF WRITING" IS A BREAKTHROUGH IN STUDIES OF THE MANKING PREHISTORY
Öz
1975 жылы Алматы қаласында жарыққа шыққан ақын, ғалым және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабы Ресей және кеңестік тарих ғылымында ғасырлар бойы қалыптасқан стереотиптерге қарсы бағытталып, ресми кеңестік ғылым жетекшілері оны пантүркішілдігі үшін кінәлаған еді.
Осы кітаптың жалғасы іспеттес автордың «Жазу тілі» («Язык письма») кітабы 1998-жылы Қазақстан егемендік алған жаңа тарихи және саяси жағдайларда жарыққа шықты. О.Сүлейменов бұл еңбегінде өзінің тарихқа деген соны концепциясын аяқтайды, әлемдік тарих пен тілтану ғылымында қалыптасқан «үндіевропеистиканың» негізгі қағидаларына қарсы шығады. Мақалада О.Сүлейменовтің тілдің түптөркінін ашуға бағытталған «ядролық лингвистикасы» мен үндіевропеистиканың негізін құрайтын Фердинанд де Соссюрдің тілтанудағы тұжырымдамалары салыстырыла қарастырылады.
Автордың тарихқа дейінгі адамзат қоғамын зерттеудің кейбір аспектілеріне қатысты пікірлері де фундаментальдық сипатта. Сондай-ақ, адамзаттың алғашқы тасқа қашалған жазуларындағы таңбалар әлемін түсіндіруі де сонылығымен көзге түседі. Айталық, О.Сүлейменовтің неандерталь адамдары мен гомо сапиенс – саналы адамдарының алғашқы діни түсініктеріне қатысты пікірлері қазіргі зерттеушілердің назарын аударуға тиіс. Зерттеуші неандерталь адамдар Айға табынушылар еді, ал саналы адамдар Күнге табынушылар болғанын жеткізеді. Олардың арасындағы қантөгіс қақтығыстар жаңа заманғы діни соғыстардан кем болған жоқ дей отырып, неандерталь адамдарының тарихи сахнадан кетуінің себептерінің кейбір аспектілерін қарастыруы назар аударады. Орасан зор тарихқа дейінгі материалдарды ой елегінен өткізе отырып, автор алғашқы географиялық ашулардың тарихқа дейінгі бағыттарына қатысты ғылыми негізді болжам айтады. «Шығыс-Батыс» дихотомиясының өркениет дәуіріндегі даму сатысында емес, тарихқа дейінгі қоғамда пайда болғандығын дәлелдейді.
Tam Metin:
PDFRefback'ler
- Şu halde refbacks yoktur.
Bu eser Creative Commons Atıf-GayriTicari-Türetilemez 4.0 Uluslararası Lisansı ile lisanslanmıştır.